"Облыс әкімі сөз берген": Риддердегі жарылыстан зардап шеккен жұмысшы өзіне көмек көрсетілмегенін мәлімдеді

04.09.2025 15:03
0
145
Риддер ЖЭО-дағы жарылыстан зардап шеккен жұмысшы көмексіз қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Запастағы подполковник Алексей Суваровский 2024 жылдың 21 желтоқсанында Риддердегі Жылу электр орталығында болған жарылыс апатынан кейін басшылық тарапынан ешқандай қолдау көрмегенін және қысымға ұшырағанын айтты.

Алексей Суваровский апаттан зардап шеккен алты адамның бірі. Жарылыстың негізгі соққысы оған тиіп, ең ауыр күйік шалған. Қазіргі таңда оның сол қолы жұмыс істемейді, ал оң қолы ішінара ғана қимылдайды. Ол жалпы еңбекке қабілеттілігінен 70-80% айырылған.

Оның айтуынша, ауруханада ем алып жатқан кезден бастап бүгінгі күнге дейін ЖЭО, басшылық немесе өзі жұмыс істейтін «ДИМ Строй» ЖШС тарапынан ешқандай көмек көрсетілмеген. Қаржылай көмекті тек әріптестері өздері жинап берген.

Суваровскийдің сөзінше, Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Ермек Көшербаев пен Риддер қаласының әкімі ауруханаға келіп, зардап шеккендерді облыс орталығына ауыстырып, толық медициналық көмек көрсетуге уәде берген, алайда бұл уәде орындалмаған. Сонымен қатар, ол жарылыстан кейінгі сәтті видеоға түсірген туысына қысым жасалып, телефонын тартып алып, айыппұл салғанын айтады. Қазіргі кезде Алексей Суваровский қосымша операцияға мұқтаж екенін және емін өз есебінен жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий