«Образы бір пәтер тұрады»: Айару Бақытбектің бір реттік образы жұртты таңғалдырды
Белгілі сән эксперті Жансая Әміршәріпқызы бұл жолы продюсер Баян Алагөзованың қызы Айару Бақытбектің бір реттік образына тоқталып, оның бағасын жіті талдады, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Сырт көзге қарапайым көрінгенімен, Айарудың үстіндегі киім мен аксессуарлар арзан емес екені анықталды. Эксперттің айтуынша, образ толықтай люкс брендтерден құралған.
Айару киген SANDRO брендінің қара көйлегі – 160 мың теңге. Ал Gucci компаниясының қонышы ұзын етігінің бағасы – 733 мың теңге. Осы брендтен алынған шағын қол сөмкесі де қомақты сомаға бағаланып, 474 мың теңгеге жетеді.
Әшекей бұйымдары тіпті қымбат.
– Tiffany HardWear маркасының 18 караттық алтыннан жасалған сырғасы – 2 млн 99 мың теңге
– Bulgari B.Zero1 топтамасынан алынған алқасы – 5 млн 517 мың теңге
– Cartier брендінің сақинасы – 1 млн 38 мың теңге
– осы компанияның толық алтыннан жасалған сағаты – 15 млн 413 мың теңге
Осылайша, Айару Бақытбектің бір ғана образының жалпы құны 25 млн 434 мың теңгеге жеткен.
Бұл дерек желі қолданушылары арасында қызу талқы тудырды. Көпшілік таңданысымен қатар, ашық салыстыру да жасаған.
«Образы бір квартира тұрады екен», «Осы ақшаға Шымкенттен үй алып алар едім», «Миллион емес, 50 мыңға киім алсақ, соған мәзбіз», «Баянның қыздары тәрбиелі, ерсі қылығы жоқ, соған риза болайық», «Бір үйдің үстіне іле салған заманыма шүкір» – деп жазды желі қолданушылары.
Айарудың бұл образы сән әлеміндегі талғам мен мүмкіндіктің айырмашылығын айқын көрсеткендей болды.
Соңғы жаңалықтар