"Өлді" деп жылама, "өлем-ау" деп жыла": Сәкен Майғазиев анасын еске алды

Фото: Instagram/saken_maigaziyev

Әнші Сәкен Майғазиев жақында өмірден өткен анасына арнап әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі парақшасында марқұм анасының айтып кеткен өнегелі сөзін еске алып, жүрекжарды естелігімен бөлісті.

«"Өлді" деп жылама, "өлем-ау" деп жыла» — дейді анам. Анашымның қасында отырған Гүлсара апам да бірнеше жыл бұрын бақилық болған еді», — деп жазды ол.

Әншінің анасы көзі тірісінде желі қолданушыларына кеңінен танылып, көпшіліктің ерекше құрметі мен ыстық ықыласына бөленген еді. Қаралы жазбаның астына оқырмандар: «Апамыздың иманы саламат болсын!», «Апаларымыздың жаны жәннатта болғай!», «Мұндай кісілердің қасында отырудың өзі ғанибет қой», «Жаным апам, адал жүріп шын сөйлеген, Қарабура әулиенің ұрпағы ғой», «Баяғының кісілерінің айтқаны қазір қолмен қойғандай тура келеді», деп көңіл айтып, тоқтаусыз тілектерін білдірді.

Желі қолданушылары қазақтың аяулы анасының жарқын бейнесі ел есінде мәңгі сақталатынын айтып, қара жамылған әулетке сабыр тілеп жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу