"Өлген бала кінәлі". Кеудесіне шампур кіріп қайтыс болған оқушы туралы тың дерек тарады

27.05.2025 11:42
0
3787
коллаж politico.kz

Әлеуметтік желіде Алматы облысында мектеп бітіру кешінде түлектер арасында тқбелес болып, бір оқушы қайтыс болған оқиға орнынан кадрлар тарады.

Бұл туралы Нұртілеу Жылқышыбай өз әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Кеудесіне шампур тығып, сыныптасын өлтірді. Алматы облысында 11 сыныпты бітіріп, соңғы қоңырауды өткізген түлектер тойлатуды жалғастыру үшін Долан ауылындағы котеджді жалдапты. Сөйтіп, сонда кәуәп пісіріп, асыр салған көрінеді. Болжам бойынша, тіпті ішімдік те ішкен сыңайлы. Бірақ, отырыс қызған кезде сыныптастар арасында жанжал туады. Сол сәтте біреуі екіншісінің кеудесіне үшкір темірді тығып алған", - деп жазды ол.

Жұртшылшық "Өлген бала кінәлі дейді, тыққан бала жуас болыпты, өзі тиісіпті", "Мұғалімдері қайда?", "Осы не керек, екі баланың өмірі құрыды" деп жазып жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий