«Он сегіз баланың он жетіншісі»: әнші Кенжебек Жанәбілов көпбалалы отбасынан шыққанын айтты
1509
Отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында әнші Кенжебек Жанәбілов өзінің көпбалалы отбасында он сегіз баланың ішінде он жетіншісі болғанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Анам он сегіз құрсақ көтерген. Бірақ қазір онымыз ғана бармыз. Бәріміз бір анадан, бір әкеденбіз. Анамыз ас пісіргенде бір қап ұн бір аптаға жетпей қалатын», – деп күлді Кенжебек.
Сондай-ақ ол анасының өзін әдептілікке, еңбекқорлыққа және іскерлікке үйреткенін атап өтті.
Әншінің әңгімесіне пікір қалдырған желі қолданушылары көпбалалы отбасынан шыққан өнер иесіне сүйсініп, жылы лебіздерін білдірді.
«Қандай тамаша», «Анасы нағыз алтын құрсақты ана екен», «Ондай көп балаға расымен тамақ жетпей қалады ғой», – деп жазды олар.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...