"Он жыл бойы әкесінің ағасы зорлаған": Астанада атышулы іс жабылды
Астанада 17 жасар қыздың отбасы тергеу органдарының шешіміне наразылық білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұған дейін жәбірленушінің жақындары кәмелетке толмаған қызға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсетілгені туралы полицияға арызданған еді. Алайда анасының айтуынша, әкесінің туған ағасы Р. есімді азаматтың тарапынан жасалған заңсыз әрекеттер баланың ерте балалық шағынан басталған.
“Зорлық-зомбылық фактілері ата-анасы ажырасқаннан кейін қыздың әкесінің үйінде болған. Үлкендер баланың шағымдарын ұзақ уақыт бойы жасөспірімдік кезеңдегі дағдарысқа балап келген”, – делінген тараған ақпаратта.
Кейінірек туысы қызға тым қамқор болып көрініп, ауыр қылмыс жасаған. Көпжылдық әрекеттердің мән-жайы үстіміздегі жылдың көктемінде жәбірленушінің психологиялық жағдайы нашарлағанда ғана белгілі болды.
Жәбірленуші тарап тергеудің өрескел заңбұзушылықтармен жүргізілгенін, полиция тінту жұмыстарын кешіктіріп, күдіктінің ұялы телефонын тексермегенін алға тартты. Істің қылмыс құрамының болмауына байланысты жабылғанын туыстары кездейсоқ білген. Қазіргі уақытта қыздың анасы мен қорғаушысы тергеуді қайта бастау үшін шағым түсіруге дайындалып жатыр. Жағдай қоғам белсенділерінің бақылауына алынды.
Соңғы жаңалықтар