«Онда шетел әншілеріне барып жүре беріңдер»: Қайрат Нұртас блогерге жауап берді
Әнші Қайрат Нұртас Шымкенттегі концертінде болған кептелісті сынаған блогерге жауап берді. Өнер иесі блогердің әлеуметтік желідегі жазбасына пікір қалдырған, деп хабарлайды Politico.kz.
Блогер концертке өзі қатысқанын және адамдардың бірін бірі итеріп, таптап кете жаздағанын айтқан. Оның сөзінше, көрермендер айғайлап, бір бірінің шашынан тартып, өзгелерді басып өткен.
Блогер жұртты осындай күш пен жігерді білім алуға, кітап оқуға жұмсауға шақырған.
Қайрат Нұртас бұл сынға жауап берді.
«Онда шет ел әншілеріне барып жүре беріңдер», «Қатты кеттің», деп жазды әнші.
Еске салайық, 10 қазанда Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда Қайрат Нұртастың концерті өткен. Көп адамның жиналуынан стадион кіреберісінде кептеліс болған.
Оқиғадан кейін Шымкент полициясы Қылмыстық кодекстің 306-бабының 2-бөлігі «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету» бойынша қылмыстық іс қозғады.
Концертті ұйымдастырған 1984 жылы туған азамат ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ұйымдастырушылар стадион сыйымдылығынан көп билет сатқан.
Соңғы жаңалықтар