«Ондай толық емеспін»: Мәдина Сәдуақасова сынға жауап берді

«Ондай толық емеспін»: Мәдина Сәдуақасова сынға жауап берді
Фото: коллаж politico.kz

Желіде әнші Мәдина Сәдуақасованың өнер иесі Ахтамбек Юлдашевтың үйінде билеп отырған сәті тарап, қолданушылар тарапынан сынға ұшырады, деп хабарлайды Politico.kz.

Сырт келбетіне шүйліккен оқырмандарына өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей жауап қайтарды.

«Ахтамбек атамыздың үйінде билеп жүрген видеода толық болып көрініп, барлығыңыз маған сын жазып жатырсыздар. Негізі ондай қатты толық емеспін. Атамыздың үйіне хал-жағдайын сұрап кіріп шықтық», – деді Мәдина Сәдуақасова.

Сонымен бірге әнші 9 қарашада Шымкентте Ахтамбек Юлдашевтың концерті өтетінін және онда дуэт шырқайтынын жеткізді. Оның сөзінше, осыдан 15 жыл бұрын да Астанадағы үлкен кеште аталған өнер иесімен, Қарақат және Айгүл Иманбаевамен бірге бір сахнада өнер көрсеткен.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу