Енді блогерлер жарнамасы үшін жауапқа тартылуы мүмкін

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов онлайн-казино жарнамалаған блогерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс айтты деп хабарлайды POLITICO.KZ
Үкімет отырысында Қайрат Бижановтың блогерлер тарапынан онлайн-казиноны жарнамалау кең таралған құбылысқа айналып, қоғамда құмар ойынға тәуелділікке әкеліп жатқанын баяндады.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметі бойынша қазіргі таңда 18 блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жалпы 37 инфлюенсер онлайн-казиноны жарнамалаған.
“Олардың көбі бұл заң бұзушылықты кездейсоқ жасамаған. Керісінше, заңды жүйелі түрде елемей келеді. Мұны жарнамалағаны үшін нақты жауапкершіліктің болмауы жағдайды қиындатып отыр. Қазіргі әкімшілік айыппұлдар олардың жарнамадан тапқан табысына мүлде сәйкес келмейді”, – деді Бижанов.
Соңғы жаңалықтар





