Оқу-ағарту министрлігі 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл мен сыйлық сыйлауға тыйым салды
1616
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова 1 қыркүйек — Білім күнінде мектеп аумағында мұғалімдерге гүл шоқтары мен сыйлықтар беруге жол берілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында вице-министр ата-аналардың сыйлық беру мәселесіне қатысты журналистердің сауалына жауап қатты.
«Біз тиісті хаттарды жергілікті атқарушы органдарға жолдадық. Мектеп қабырғасында гүл немесе қандай да бір сыйлық беруге болмайды. Мұны біз арнайы атап көрсеттік. Сондықтан бұған қажеттілік жоқ», – деді Шынар Ақпарова.
Министрлік гүл шоғының нақты құнына қатысты ешқандай шектеу сомасын белгілемеген, бұл тыйым сыйлықтарды тікелей мектеп аумағында тарту етуге қатысты екенін нақтылады.
Сонымен қатар ведомство өкілінің айтуынша, 1 қыркүйек күні барлық мектеп сыныптарында 45 минутқа созылатын бірыңғай сынып сағаттары, ал колледждерде кураторлық сағаттар өткізіледі.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
23:42
«Қамқорлық жасайын десем де мүмкіндігім болмады...
14.09.2026
21:25
Шымкент әуежайында сөмкесінен оқ табылған әйелг...
14.09.2026
20:45
Асхат Асылбеков депутаттарға: Журналистің өткір...
14.09.2026
20:34
PSG Academy-ді елге әкеліп, дзюдоны дамытқан Ал...
14.09.2026
20:23
Отбасы өлді деп өртеп жіберген ер адам тірі бол...
14.09.2026
20:16
Алматыда полицейлер есірткіге тәуелді адамдарда...