Орал тұрғыны әйелінің жалаңаш фотоларын таратқаны үшін 3 жылға сотталды
349
Оралда әйелінің интим суретін туыстарына жіберіп, ақша бопсалаған ер адам сотталды.
Батыс Қазақстан облыстық сотында ерлі-зайыптыларға қатысты іс қаралды. Соттың мәліметінше, некеде болғанда әйел күйеуінің сұрауымен оның WhatsApp нөміріне өзінің интимді суреттерін жіберген.
Араларында болған жанжалдан соң әйел ажырасқысы келетінін айтып, сотқа жүгінді. Ал күйеуі ажырасуға келісім бермеген. Ол әйелінен ақша бопсалап, жалаңаш суреттерін таратып жіберемін деп қорқытқан. Содан кейін әйелінің интимді суреттерін WhatsApp арқылы қайын атасына және өзге де туысқандарына жіберген.
Сот істің барлық материалдарын зерделеп, сотталушыны Қылмыстық кодекстің 2 бабы – «Бопсалау» және «Жеке өмірге қол сұқпаушылықты бұзу» бойынша кінәлі деп таныды. Оған 3 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Соңғы жаңалықтар
08.07.2026
10:21
Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басшысы қызметінен боса...
08.07.2026
10:15
Асламбек Мерғалиев Жоғарғы сот төрағасы болып қ...
08.07.2026
10:07
Қанатбек Жайсаңбаев маңызды қызметке тағайындалды
08.07.2026
09:54
146 млн теңге жымқырған есепші: Қызым ағашқа ас...
08.07.2026
09:53
«Шағымын қайтып алды»: Боксшы Теміртас Жүсіповт...
08.07.2026
09:10
Амантай Дәндіғұлов халықаралық іздеуге жарияланды