Орыс тілінің жанашыры Олжас Байділдиновті жекпе-жекке шақырды

Орыс тілінің жанашыры Олжас Байділдиновті жекпе-жекке шақырды
20.10.2025 10:03
0
204

Белгілі блогер Жан Ахмадиев сарапшы Олжас Байділдиновке ашық үндеу жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Блогердің айтуынша, Байділдинов халық мүддесіне қарсы пікір білдіріп, қазақ тілі мен ел намысына тиіскен.

«Е, Олжас Байділдинов. Сен шектен шықтың. Газды қымбаттатып, халыққа қарсы шықтың. Қазақ тіліне тиісіп, елдің намысын таптадың. Енді келіп Димашқа тиісіп отырсың ба? Димаш – қазақтың мақтанышы, ол – біздің рухымыз, біздің символымыз», – деді Ахмадиев өз үндеуінде.

Сонымен қатар ол Байділдиновке ер азамат ретінде жекпе-жекке шығуға шақыру тастады.

«Сен сияқты тіл мен елден безгендерге қарсы тұратын ұлттық ұлы бар екенін ұмытпа. Егер өзіңді шалбар киген жігітпін десең, жұрттың алдында бос сөзбен емес, менімен жекпе-жекке шық. Бұл тек екеуміздің айқасымыз емес, бұл – ел намысының айқасы. Қазақтың тілін, мақтанышын, рухын таптаған әр сөзің үшін жауап бересің», – деді блогер.

Бұған дейін Олжас Байділдинов сұйытылған газдың қымбаттауын “айтарлықтай мәселе емес” деп атап, жұртты қоғамдық көлікке көшуге шақырған еді. Бұл сөздері Қаңтар оқиғасы кезінде халықтың есінде қалған.

Кейін ол жолақыны 500 теңгеге дейін көтеру керек екенін айтып, бұл салаға субсидияны қысқарту мен нарықтық баға енгізуді ұсынды.

Байділдинов Қазақстандағы орыс тілді білім беру үлесінің азайып, қазақ тілінің басымдығы артқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ ол “жастардың орыс тілін білмеуі Ресей үшін де мәселе” деп мәлімдеген. Бұл сөз қоғамда үлкен дау туғызып, оған Димаш Құдайберген ашық түрде жауап қайтарды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий