«Өзіме ұқсайтын ұлым»: Ләйлә Сұлтанқызының ана мен бала арасындағы жылы сәті көпшілікті елжіретті

31.12.2025 15:09 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Өзіме ұқсайтын ұлым»: Ләйлә Сұлтанқызының ана мен бала арасындағы жылы сәті көпшілікті елжіретті
0
65
Коллаж: Politico.kz

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында үлкен ұлы Сағадатпен бірге түскен әсерлі видеосын жариялап, оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Politico.kz

Ұлы Сағадат оқуына байланысты бөлек жүрген еді. Қысқы демалысқа орай үйіне оралып, анасымен қайта қауышқан сәт желі қолданушыларының жүрегін елжіретті. Бейнежазбада анасы мен ұлының бірге билеп, шат-шадыман күйде уақыт өткізіп жатқанын көруге болады.

Кадрлардан ана мен бала арасындағы шынайы жылулық, сағыныш пен мейірім айқын сезіледі. Жазба астына Ләйлә Сұлтанқызы:
«Өзіме ұқсайтын ұлым» деп жазып, жүрекше белгілерін қалдырған.

Желі қолданушылары видеоны жылы қабылдап, көптеген ізгі тілектерін білдірді.


Оқырмандар: «Екі ұлыңыз да өзіңіздің копияңыз», «Әдемі жігіт болып өсіпті», «Қандай керемет көрініс», «Бағы жансын, елінің елеулі азаматы болсын», «Ана мен баланың арасындағы мейірім қандай ғажап» деп пікір қалдырды.

Бұл видео көпшілікке отбасылық құндылықтың, ата-ана мен бала арасындағы байланыстың қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте еске салды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий