"Өзің арандатқан": Көкшетауда 13 жастағы қызын әкесі бопсаламақ болды деген мәлімет тарауда

15.08.2025 13:45
0
527
Сурет Freepik
Жасөспірім әкесінен қорғану үшін көршісіне жүгінген

Көкшетау қаласында 13 жастағы жасөспірімді әкесі жыныстық бопсалауы мүмкін деген ақпарат әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ саяси-әлеуметтік порталы.

Threads желісінде жарияланған жазба авторының айтуынша, қыз бала көмек сұрап көршісіне жүгінген, алайда өз анасы оны қорғаудың орнына, күйеуінің сөзін сөйлеп, қызына "өзің арандатқан" деп айыптаған. 

Жазбадағы ақпаратқа сәйкес, жасөспірім көршісіне(автордың құрбысына) жылап барып әкесінен WhatsApp желісі арқылы әдепсіз хабарлама алғанын айтып, шағымданған. Оқиғадан хабардар болған анасы күйеуін жақтап, өз қызын кінәлаған. Автордың құрбысы бұл іске қатысты полиция тиісті белсенділік танытпағанын алға тартады.

Бастапқыда арызданған қыз бала кейінірек өз сөзінен бас тартқан. Жазба авторы мұны отбасының қысымымен байланыстырады. Қазіргі уақытта жасөспірім көмек сұраған көршісімен араласпай кеткен.

Оқиға әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырғандықтан, Көкшетау қаласының Полиция департаментінен осы оқиғаға қатысты ресми түсініктеме беруін сұраймыз

 

View on Threads
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий