Паралимпиадашылар Барыс, Парасат, Құрмет ордендерімен марапатталды
974
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлерін және бапкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Жарлығымен Париж қаласында өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарында жоғары жетістіктерге жеткен спортшылар мен атлеттердің жаттықтырушылары мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Атап айтқанда, алтын медаль иегерлері Дегтярев Давид Мамиевич І дәрежелі «Барыс» орденімен, Науатбек Ақмарал Маратқызы ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды. Күміс медальға қол жеткізген Ғаббасов Еркін Тілеуғабылұлы, Жұмағали Нұрдәулет Мақсұтұлы және Шәмей Ерғали «Парасат» орденінің кавалерлері атанды. «Құрмет» орденімен Паралимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Мұқашбеков Дастан Мұратұлы, Райфова Зарина Райфқызы, Федосова Даяна Владимировна және Шүкірбеков Жұрқамырза Бақытұлы марапатталды, - делінген Ақорда хабарламасында.Ұлттық құрама бас бапкерлері мен спортшылардың жеке жаттықтырушыларының арасынан 5 азаматқа «Парасат» ордені, 7 адамға «Құрмет» ордені берілді. Сонымен қатар екі жаттықтырушы Президенттің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Соңғы жаңалықтар
02.09.2026
14:41
Ауылда тұратындар қала халқына қарағанда бақытт...
02.09.2026
13:11
Жамбыл облысында қоқыс жәшігінен нәрсете табылды
02.09.2026
13:03
"Күйеуі ұрған": ауыр жарақат алған 37 жастағы ә...
02.09.2026
12:39
Елімізде орташа жалақы өсті: қай өңірде көрсетк...
02.09.2026
12:33
Фермадағы алты жұмысшының қазасы: Арнайы комисс...
02.09.2026
12:12
«Үй қалай қабылданған?»: Ұлдана ісі бойынша сот...