«Патшайым, біз сізге бас иеміз»: Баян Алагөзова студиясына келген Мақпал Жүнісоваға ерекше құрмет көрсетті
Танымал продюсер Баян Алагөзова дыбыс жазу студиясына Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісованың арнайы келгенін айтып, әлеуметтік желіде бейнежазба бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.
Продюсер өнер иесінің кәсібилігіне тәнті болып, оның алдында ерекше ілтипатпен бас иетінін жеткізді.
«Бізге қонаққа кімнің келгенін қараңыздар! Мақпал Жүнісованың өзі келді — нағыз патшайым. Патшайым, біз сізге бас иеміз. Өмірде ешкімге басымызды имейміз, тек сіздің алдыңызда ғана иілеміз. Кабинетіме барып шай ішейік десем, "қазір бір дубльмен ән жазып тастайын, сосын барамын" дейді. Оны кезінде әкем де айтып отыратын: "Мақпал келеді де, бір дубльмен жазып кетіп қалады" деуші еді. Сәттілік!» – деп ризашылығын білдірді Баян Мақсатқызы.
Кездесу соңында продюсердің шәкірті Аружан халық әртісіне ақжарма тілегін білдіріп, бір құшақ гүл шоғын табыстады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
01.11.2026
14:30
Маңғыстауда балалар ауруханасында дәрігерге шаб...
01.11.2026
13:42
Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуіл...
01.11.2026
12:33
Алматыда жантүршігерлік жол апаты: Зардап шекке...
01.11.2026
11:31
Қостанайда екі ер адам 17 миллион теңге бопсала...
01.11.2026
10:21
Жұмысқа кешіккендерге айыппұл салуға бола ма? М...
01.11.2026
09:22
«Мына сайқымазақты беріңдер»: Олимпиада чемпион...