Павел Дуров Көлсайдың суық суына сүңгіп, жұрттың талқысына түсті

Павел Дуров Көлсайдың суық суына сүңгіп, жұрттың талқысына түсті
07.10.2025 17:48
0
102
әлеуметтік желі

"ВКонтакте" әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Алматы облысындағы әйгілі Көлсай көліне шомылған сәтін әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Кәсіпкер суға түскен сәтін өз Telegram-арнасындағы стористе жариялаған. Видеода оның мөлдір әрі суық суға сүңгіп бара жатқаны байқалады. Жазбаға ол қысқа ғана: «Тамаша жүздім» деп пікір қалдырған.

Алайда бұл видео көп ұзамай желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Көпшілік: «Көлсайда шомылуға рұқсат бар ма?», «Бұл үшін айыппұл салына ма?» деген сауалдар қоя бастады.

Мұндай сұрақтарға жауап ретінде Ұлттық парк әкімшілігі ресми түсініктеме берді:

«Көлсай көлдерінде шомылуға тыйым салынған. Бұл – әкімшілік құқықбұзушылық болып есептеледі. Көлге келген барлық туристерге жүзуге рұқсат жоқ. Тек арнайы белгіленген аймақтарда ғана суға кіруге болады. Ал өзге жерлерде, әсіресе суық мезгілде шомылу – ережені бұзу болып саналады. Мұндай әрекет үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (39 320 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған», – делінген Ұлттық парк таратқан хабарламада.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий