Павлодар әкімі желіде қыздарға жауап беріп, жұртты күлдірді
1447
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов әлеуметтік желі Threads платформасында қолданушылармен пікірлесіп, желіде қызу талқыланған жазба қалдырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Бір қыз өзінің құрбыларының Астанадан Павлодарға оралып, тұрмысқа шығып жатқанын айтып:
«Құрбыларым бірінен соң бірі елге қайтып, Павлодарда тұрмысқа шығып жатыр», — деп жазған.
Оған Асайын Байханов әзілмен жауап берді:
«Бұл — біздің Павлодарға кері көшуге бағытталған нысаналы үгіт-насихат жұмысы. Туған жерге жас әрі белсенді адамдар керек».
Пікір астында кейбір қолданушылар әкімнің әлеуметтік желіде белсенді екеніне таңданыс білдіргенде, ол тағы да қалжыңмен жауап қатты:
«Бұл — “Әкімдік қайда қарап отыр?” демесін деп. Сол үшін біз барлық жерде бармыз».
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
15:16
Бұрынғы министрдің күйеуі Ақтөбеде 60 млрд теңг...
08.10.2026
15:03
Астана көшелерінің бірінде есінен танып қалған ...
08.10.2026
14:34
Ресейдегі 14 қазақстандық елшілікке жеткізіле м...
08.10.2026
14:07
Өскеменде полицейді өлтірді деген күдікті аурух...
08.10.2026
12:50
Ақтөбе облысында ер адам изолятордан қашып кеткен
08.10.2026
12:32
«Айта берсең көп, қайсыбірін айтайын». Роза коу...