Павлодар облысында полицей атылып қалды: Бір топ әріптесі қызметтен кетті
966
Павлодар облысы прокуратурасының мәліметінше, өңірде өзін атып өлтірген полицейдің өлімінен кейін әріптестері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ведомство ақпаратына қарағанда, Павлодар облысында 22 жастағы полицейдің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жалғасып жатыр. Биыл маусым айында Ертіс аудандық полиция бөлімінің кіші сержанты өзіне оқ атқан.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі ("Адамды қорқыту, қатыгездікпен қарау немесе жүйелі түрде қорлау арқылы өзін-өзі өлтіруге итермелеу немесе өзін-өзі өлтіруге оқталу") бойынша жүргізіліп жатыр. Қадағалау органы қызметтік тексеру нәтижелерін де хабарлады.
Павлодар облысы Полиция департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасы аталған факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізді, нәтижесінде Ертіс аудандық полиция бөлімі мен полиция бөлімінің бірқатар қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде кейбіреулері жұмыстан босатылды, – деді Павлодар облысы прокурорының орынбасары Ербол Ысқақов.Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді. Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде кіші сержанттың үйінде болған кезінде өзіне-өзі қол жұмсау туралы хат қалдырып, қызметтік қаруымен басынан атып өлгені хабарланған еді. Ауыр оқ жарақатын алған полицей 29 маусымға қараған түні Ертіс кентінен Павлодар қалалық No1 ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Жас жігіт комаға түскен. Келесі күні кешке қайтыс болды. Фото: ашық дереккөз
Соңғы жаңалықтар
26.07.2026
17:28
Алматы – Өскемен тас жолында ірі жол апаты болды
26.07.2026
16:29
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарына қатыст...
26.07.2026
15:31
«Экрандағы мен – шынайы мен емес»: Дариға Бадық...
26.07.2026
14:29
Тоқаевтың бейбітшілік туралы үндеуіне Украина қ...
26.07.2026
13:21
Алматыда иесіз ғимарат жанынан қару-жарақ салын...
26.07.2026
12:31
Ұлытау облысының жаңа әкімі «Қазақмыс» нысандар...