“Қайын атасының машинасын айдаған”: Петропавлда 12 жастағы қыздың өмірін жалмаған жол апаты болды
1511
Porsche Cayenne жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, қыз бала көз жұмды
Петропавл қаласында 25 мамыр күні кешкі уақытта ауыр жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға салдарынан 12 жастағы қыз бала қаза тапты. Полиция мәліметінше, Потанин көшесінде 24 жастағы жүргізуші Porsche Cayenne көлігімен кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Қыз бала алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмған.
Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Апаттың нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталуда.
Qazaqstan Media ақпаратына сәйкес, көлік жүргізушіге қайын атасынан берілген болуы мүмкін. Сонымен қатар, ол Петропавлдағы бір ЖШС-де жұмыс істегені айтылады. Оқиғадан кейін күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
10.10.2026
17:31
Маркетплейс сауда жасап үйретемін деп, миллионд...
10.10.2026
16:28
Ақтауда подъезде ұйықтап жатқан баланың суреті ...
10.10.2026
15:53
Жезқазғанда «Қазақмыс» жұмыскерлері 5 мыңға жуы...
10.10.2026
15:29
“100 грамм ішіп жібердім”: Әнші Argonya Қайрат ...
10.10.2026
14:31
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жек...
10.10.2026
14:03
Павлодарда колледж студенті сабақ кезінде үшінш...