Португалия астанасында теміржол көлігі басқарудан шығып, апатқа ұшырады: 15 адам қаза тапты
Португалия астанасында фуникулер апатынан 15 адам қаза тапты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Португалияның астанасы Лиссабон қаласында ірі төтенше жағдай болды. Қала орталығында туристер арасында танымал «Глория» атты теміржол көлігі рельстен шығып кетіп, салдарынан кем дегенде 15 адам қаза тауып, 18 адам түрлі деңгейдегі жарақат алды.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының алдын ала мәліметі бойынша, елдің көрікті жерлерінің бірі саналатын фуникулер кенеттен басқарудан айырылып, көше бойымен жүріп өтіп, ғимаратқа соғылған. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Осы қайғылы жағдайға байланысты Лиссабон қаласында үш күндік аза тұту жарияланды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
23:09
Ресейде қазақстандық автобус жүргізушісі ұсталды
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...