Президент Меруерт Камалиденованы әлем кубогындағы жеңісімен құттықтады

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАХМАТШЫ МЕРУЕРТ КАМАЛИДЕНОВАНЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНДАҒЫ ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қасым-Жомарт Тоқаев шахматшы Меруерт Камалиденованы FIDE World Cup 2025 іріктеу жарысындағы жарқын жеңісімен құттықтап, арнайы жеделхат жолдады.
Мемлекет басшысы Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан турнирде танымал қарсыластарын ойсырата жеңген спортшының табандылығын жоғары бағалап, оған алдағы финалдық кездесулерде сәттілік тіледі.
– Мемлекет өзіңіз сияқты талапты жастарға әрқашан қолдау көрсетеді. Елімізде бұл интеллектуалды ойын түрін жаппай дамыту үшін нақты шаралар қолға алынды. Өскелең ұрпақ өздеріңізге қарап бой түзейді. Әрбір жеңістеріңіз оларды жігерлендіреді, – деп жазылған жеделхатта.
Меруерт Камалиденова - Қазақстан шахматында соңғы жылдары көзге түскен жарқын есімдердің бірі. Оның бұл жолғы жетістігі ел спорты үшін айтулы жаңалық.
Соңғы жаңалықтар





