Президент мерзімінен бұрын сайлау өткізуді жоспарлап отырған жоқ

03.01.2025 10:18 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Президент мерзімінен бұрын сайлау өткізуді жоспарлап отырған жоқ
1823
Ашық дереккөз
Мемлекет басшысы БҰҰ-дағы қызметке кетпейтінін мәлімдеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімінен бұрын қызметінен кету және БҰҰ-ға ауысу туралы қауесетті жоққа шығарды. Бұл туралы Мемлекет басшысы «Ana tili» газетіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Президент өз сөзінде:
«Мен Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысының орынбасары және Қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы ретінде осы ұйымның Женевадағы кеңсесін үш жылға жуық басқардым. Халықаралық үдерістердің қыр-сырына бойлап, мол тәжірибе жинадым. Осының өзі артығымен жетеді деп ойлаймын. Менің елімізді дамытуға қатысты талай жылға арналған ауқымды жоспарларым бар, оның бәрін жүзеге асыруға ниеттімін», – деді.

Сонымен қатар, Тоқаев елдің стратегиялық дамуы бойынша ауқымды реформаларды жалғастыруды, тұрақтылық пен экономикалық өсімді басты мақсат ретінде атап өтті.

 

Войдите, чтобы оставить комментарий