«Сіздің тапсырмаңыздың 90 пайызы орындалмай жатыр»: Ақтөбелік белсенді Тоқаевтан көмек сұрады

ПАРТИЯ БЕЛСЕНДІСІ ЕРӘДІЛ ҮББИНИЯЗОВ ТОҚАЕВТАН КӨМЕК СҰРАДЫ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ POLITICO.KZ.
«Байтақ» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Ерәділ Үббиниязов жергілікті биліктің жұмысын сынап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады. Ол өңірде Президент тапсырмалары толық орындалмайтынын мәлімдеп, жиналып қалған мәселелерді шешу үшін Астанадан арнайы комиссия жіберуді сұрады.
Ерәділ Үббиниязов өз үндеуінде «Байтақ» партиясы Президенттің саясатын толық қолдайтынын және оның тапсырмаларының орындалуына атсалысуға дайын екенін жеткізді. Оның айтуынша, партияға азаматтардан көптеген шағым келіп түседі, алайда бұл мәселелерді жергілікті деңгейде шешу мүмкін болмай отыр.
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіздің тапсырмаңыз біздің өңірде 90 пайызы орындалмай жатыр», – деп атап өтті партия өкілі.
Осыған байланысты партия белсенділері Астанаға арнайы келіп, Президенттен Ақтөбе облысына құзыретті органдарды жіберіп, тексеру жүргізуді сұрады.
Видеоүндеу барысында Ерәділ Үббиниязов Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бауыржанұлы Бекетпен телефон арқылы тікелей байланысқа шықты. Әкім белсенділердің қаладағы мәселелер жөніндегі жазбаларында Ақорда мен Президенттің ресми парақшаларын белгілейтініне наразылық білдірді.
Соңғы жаңалықтар





