Путин АҚШ-қа Ресей мен басып алынған Украина аумақтарында пайдалы жобаларды ұсынды

Путин АҚШ-қа Ресей мен басып алынған Украина аумақтарында пайдалы жобаларды ұсынды
25.02.2025 10:46
0
454
РИА Новости/Михаил Метцель
Ресей АҚШ-қа Украина аумағында пайдалы қазбалар өндіруге рұқсат бермек

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-қа Ресейде және басып алынған Украина аумақтарында сирек кездесетін металдарды игеруге мүмкіндік беретін келісім ұсынды, деп хабарлайды The New York Times.

The New York Times мәліметінше Путиннің бұл ұсынысы АҚШ президенті Дональд Трампқа Кремльмен экономикалық байланыс орнатудың тиімділігін көрсетуге бағытталған.

Ресейлік мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында Путин Ресейдегі сирек кездесетін металдардың қоры Украинадан бірнеше есе көп екенін және бұл салада америкалық компаниялармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

Сонымен қатар, Путин АҚШ-тың Ресей басып алған Украина аумақтарында сирек металдарды игеру мүмкіндігі бар екенін, сондай-ақ Сібірде алюминий өндірісіне инвестиция салу арқылы табыс табуға болатынын мәлімдеді.

«Бұл туралы ойлануға тұрарлық. Алюминий өндірісі және сирек металдар бойынша бірлескен жұмыс, сонымен қатар энергетика саласында да әріптестік мүмкіндіктері бар», – деді Путин.

Бұл мәлімдеме Трамптың АҚШ-тың сыртқы саясатын Ресейге қарай өзгертіп жатқан сәтінде жасалды. Бұған дейін АҚШ-тың БҰҰ-дағы дауыс беру кезінде Ресейдің ұстанымын қолдағаны осы бағыттағы өзгерістердің белгісі ретінде қарастырылуда.

Путин сондай-ақ Трамптың АҚШ, Ресей және Қытай қорғаныс шығындарын екі есеге қысқарту туралы ұсынысын жоғары бағалады.

«Бұл қызықты ұсыныс. Егер АҚШ өз әскери бюджетін 50%-ға қысқартса, біз де осындай қадамға баруға дайынбыз. Кейін Қытай да қосылуы мүмкін», – деді Путин.

Дегенмен, Путин бұл сұхбатында Украинадағы соғысты аяқтауға асықпайтынын аңғартты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий