“Пышақтап, көлігін тартып алған”: Алматыда көлік саудасы қанды оқиғаға ұласты (ВИДЕО)

06.06.2026 17:30 Қарақат АСЫЛОВА
“Пышақтап, көлігін тартып алған”: Алматыда көлік саудасы қанды оқиғаға ұласты (ВИДЕО)
254
Видеодан кадр
Көлік саудасы кезінде жанжал шықты

Алматыда автокөлікті қайта сату бойынша келіссөз қанды оқиғаға ұласты, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға салдарынан полиция «Перехват» жоспарын енгізіп, күдіктіні арнайы операция барысында ұстады.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі ер адам көлікті сатып алу-сату шарттарын талқылау үшін кездескен. Келіссөз кезінде олардың арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Жанжал барысында күдікті қарсыласына пышақ жарақатын салып, оның көлігін айдап кеткен.

Оқиғадан кейін полиция қала бойынша «Перехват» жоспарын жариялады. Көп ұзамай күдікті Райымбек даңғылында қолға түсті. Ұстау сәті түсірілген бейне әлеуметтік желілерде тарады.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Ал пышақ жарақатын алған ер адам ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий