Қ. Тоқаев: Алатау – қарқынды дамитын қала

02.06.2026 14:39 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Қ. Тоқаев: Алатау – қарқынды дамитын қала
76
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте шаһардың болашағы мен стратегиялық маңызы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Осыдан екі жыл бұрын іргетасы қаланған қала тұтас ел үшін үлкен маңызға ие. Жоспар бойынша бұл аймаққа инвестиция тартылып, ол бизнес пен инновацияның жаңа орталығына айналуы тиіс. Осы мақсатта шаһар құрылысының негізгі қағидалары Конституцияға енгізіліп, арнайы құқықтық режим туралы заң қабылданған болатын. Қазіргі уақытта шаһардың сапалы дамуына жол ашатын құқықтық негіз толық қалыптасқан.

«Жалпы, Алатау қаласына қатысты кез келген мәселені жедел шешу үшін барлық қажетті жағдай жасалып жатыр. Қазірдің өзінде қаланың сапалы дамуына жол ашатын құқықтық негіз толық қалыптасты деп айтуға болады. Соның аясында салық жеңілдіктері ұсынылды, бақылау және реттеу тетіктері де бизнес жүргізу үшін оңтайлы бола түсті. Бұдан бөлек, осы қалада жұмыс істейтін кәсіпкерлердің құқықтары жан-жақты қорғалады, сондай-ақ, цифрлық активтерді дамыту үшін қолайлы жағдай жасалады. Сондықтан бүгінде Алатауды ресми түрде бірегей құқықтық мәртебесі бар «қарқынды дамитын қала» деп атауға болады», – деді президент.

Войдите, чтобы оставить комментарий