Қайрат Нұртастың әкесі Алматыда бірнеше жыл бұрын концерттен кейінгі көтеріліс туралы айтты
1530
Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков осыдан бірнеше жыл бұрын Алматыдағы «Прайм Плазада» болған даулы оқиға туралы айтты. Нұртас Айдарбеков блогер Айнұр Асанбердіге берген пікірінде бұл жағдай ұлына аса ауыр соққы болғанын айрықша атап өтті, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның айтуынша Қайратты аяғынан шалып, бейберекет әрекеттер жасалған. Осы оқиғадан соң әншіні тіпті Республика сарайына кіргізбей қойыпты.
«Прайм Плазадағы» жағдайға Қайраттың ешқандай қатысы жоқ. Ән айту – Қайраттың жұмысы. Еңбекақысын төлеп, әжетхананың қасына аппаратура қойып берсе де ол ән айта береді. Өйткені ол – жұмысы. Қайратты шақырды, барды, ақшасын төледі, өлеңін айтты. Көтеріліс болу керек болды. Түйенің білетіні – жантақ, жұрттың білетіні – Қайрат. Қайраттың жеке концерті деп шулап кетті. Ол жалған. Ол жерде мыңдаған әнші өнер көрсетті. Сол кезде аяғынан қатты шалды. Халық жауы етіп қойды. Сол күні марқұм Арман Дүйсеновтің концерті болған. Қайрат 1-2 өлеңін айту керек болған. Сөйтсек, баламды Республика сарайына кіргізбей қойыпты. Сол жағдайлардан кейін кейбір үлкен кісілерге «халық жауы болса, алаңға алып шығып, атып тастасаңыздаршы» дедім. Содан кейін бір жыл Республика сарайында өнер көрсетпеді. Оның барлығы ауыр соққы ғой», - деді Нұртас Айдарбеков.Фото: Видеодан скрин
Соңғы жаңалықтар
24.02.2026
19:07
Атырау облысында ерлі-зайыптыны өлтірді деген к...
24.02.2026
17:38
Талғардағы оқушы қызды зорлау ісі: анасы Презид...
24.02.2026
17:24
«Тым қатаң жаза»: Яна Легкодимованың өліміне кі...
24.02.2026
17:07
Атыраудағы қанды қылмыс: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ...
24.02.2026
16:08
ҰҚК полковнигі сотталды
24.02.2026
15:02
Пәтер мен 20 миллион ұсынған: Қыз зорлады деген...