Қала әкімі демалысқа кетті
Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов қызметінен қысқа мерзімге қол үзіп, еңбек демалысына шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz
19 қаңтардан бастап демалысқа шыққан қала басшысы бұл жаңалықты өзінің Instagram парақшасы арқылы жеткізіп, тұрғындарды алаңдамауға шақырды.
«Құрметті өскемендіктер!
Бүгіннен бастап екі апталық қысқа мерзімді еңбек демалысына шығатынымды хабарлаймын.
Бұл кезеңде қаланың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету міндеті орынбасарларыма жүктеледі. Барлық коммуналдық қызметтер мен инфрақұрылымның штатты қызмет етуі, тұрғындардан келіп түсетін барлық өтініштер тұрақты бақылауда болады. Әкімдік қызметіне қатысты мәселелер болса @oskemen_akimdigi инстаграм парақшасына немесе ресми байланыс каналдарына хабарласа аласыздар.
Демалыс уақытын мен отбасыма арнап, балаларыма көңіл бөлмекпін. Еліміз дамып, Өскеменіміз өркендей берсін!», – деп жазды Алмат Ақышов.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
17.10.2026
14:17
Динара Сәтжан сәби күтіп жүр ме? Желіде жұртты ...
17.10.2026
13:40
Астанада бойжеткеннің бөксесінен ұстап соңынан ...
17.10.2026
12:18
ҰБТ-ға жасанды интеллект енгізілмек: 2027 жылы ...
17.10.2026
11:26
Путин Украинаға жаппай соққы жасауды жалғастыру...
17.10.2026
10:18
«Әкеме бұл жұмысты тапсырмауы керек еді»: Ақтөб...
17.10.2026
09:21
Маңғыстауда аурухана ақшасын жымқырып келген ба...