"Қандай қиянат жасадым?": Атышулы емші Бағдагүлді енді өз келіні сотқа берді

27.08.2026 10:18 Мөлдір ҚАЙНАР
367
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде мәлімдемелерімен танылған емші Бағдагүл Лепесованың үстінен өз келіні сотқа шағым түсіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, жағдайға таңғалысын білдірді.

«Ақ келін» деген пайдам сотқа беріпті! Барлық көрші, ағайын-тумамды, достарымды ертіп барамын. Сол келінге қандай қиянат жасадым екен?», – деп жазды емші.

Айта кетейік, бұған дейін тележүргізуші Динара Сәтжан мен продюсер Баян Алагөзова емшінің қызметі мен сөздеріне қатысты құзырлы органдардан тексеру жүргізуді талап еткен болатын. Динара Сәтжан емшінің «ақылы бата» табысы, салығы және лицензиясының бар-жоғына қатысты сауалдар көтерген еді.

Нәтижесінде жуырда сот Бағдагүл Лепесованы «Жала жабу» бабы бойынша кінәлі деп танып, оған 1 миллион 557 мың теңге көлемінде айыппұл салған. Баян Алагөзова мен Динара Сәтжаннан кейін енді емшінің үстінен туған келіні де сотқа арызданып отыр.

 

Войдите, чтобы оставить комментарий