Қаралы хабар: Зауытбек Тұрысбековтың анасы өмірден озды

Қаралы хабар: Зауытбек Тұрысбековтың анасы өмірден озды
25.08.2025 09:44
0
729
Коллаж: POLITICO.KZ

ЗАУЫТБЕК ТҰРЫСБЕКОВТЫҢ АНАСЫ ЖҰПАР МӘДУАНҚЫЗЫ ДҮНИЕДЕН ӨТТІ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ POLITICO.KZ, АЙҒАҚМЕДИА БАСЫЛЫМЫНА СІЛТЕМЕ ЖАСАП.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Зауытбек Тұрысбековтың анасы Жұпар Мәдуанқызы дүниеден өтті.

Жаназасы бүгін сағат 11:00-де Шымкент қаласы, Кіші Самал ауданында өтеді.

Жұпар Мәдуанқызы – белгілі қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері Зауытбек Тұрысбековтың анасы.

Оның ұлы Зауытбек Тұрысбеков елімізге танымал тұлға ретінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, Ішкі істер министрі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы және бірқатар шет мемлекетте елші сияқты аса жауапты лауазымдарды атқарған.

Жұпар Мәдуанқызы – еліне еңбегі сіңген белгілі ұлды тәрбиелеп өсірген ана.

Зауытбек Қауысбекұлына және оның отбасына ауыр қайғыларына ортақтасып, сабыр тілейміз. Марқұмның жаны жәннатта, топырағы торқа болсын.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий