«Qarmet» комбинаты 80 жылдан кейін алғаш рет газға көшті
Теміртаудағы «Qarmet» комбинаты алғаш рет табиғи газбен жұмыс істей бастады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Теміртау қаласындағы металлургиялық алып – «Qarmet» комбинаты өз өндірісінде алғаш рет табиғи газ қолдануға көшті. Бұл қуанышты жаңалықты кәсіпорын жұмысшылары түсірген бейнежазба арқылы бөлісті.
"Газ жүрді, бауырлар! Соңғы 80 жылда бірінші рет. Аталарымыз, әкелеріміз күтті – күте алмады. Ал біз – күттік, біздің кезеңімізде жетті. Кұтты болсын!. Мен таң қалудамын, тек сіздермен бөліскім келді" - дейді комбинат жұмысшысы.
Комбинат бұған дейін сегіз онжылдық бойы табиғи газсыз, ескі әдіспен болат өндіретін әлемдегі жалғыз толық циклді кәсіпорын болып келген еді. Бұл өзгеріс дайын өнім сапасына да, Теміртаудың экологиялық ахуалына да айтарлықтай ықпал етеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.10.2026
16:57
Отандық такси деген атаққа лайық па? Qajet-ке қ...
18.10.2026
16:00
Алматыда түнде қоймалар өртенді
18.10.2026
14:25
Қазақстанда медицинаға 2030 жылға дейін 23 трил...
18.10.2026
13:03
Шымкентте қызғаныштан шыққан жанжал адам өлімім...
18.10.2026
12:01
Өскеменде басына әйелдің ішкиімін киіп жүрген е...
18.10.2026
10:46
Қазақстан бадминтон федерациясының президенті 1...