Қайрат Нұртас анасымен Түркияда демалып жүр

Қайрат Нұртас анасымен Түркияда демалып жүр
16.05.2025 15:35
0
1335
Фото: instagram.com/kair_n

Белгілі қазақстандық әнші Қайрат Нұртас анасымен бірге Түркияда демалып қайтты. Белектегі демалыс сәтінен бейнежазба продюсер әрі анасы Гүлзира Айдарбекованың Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, Түркияға жұмыс сапарымен барған. Кездесулерді аяқтаған соң, Қайрат екеуі қонақүйде демалуға уақыт тапқан.

Кездесулерімізді аяқтап, қонақүйде демалып алдық. Енді Қайратты 18 мамыр күні Бішкекте, 20 мамырда Ташкентте және Ресейдің бес қаласында күтіңіздер, – деп жазды ол.

Жазбада Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың «Анама» әнін де қолданған. Желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіріп, әншіге сәттілік тілеп жатыр.

«Қандай керемет ән», «Кайрат – нағыз кәсіби әнші, бала кезден тыңдаймын», «Гүлзира апай, сіз нағыз мықты анасыз», – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Қайрат Нұртастың алдағы концерттері ТМД елдерінде өтеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий