Қайрат Нұртас қызына 33 млн теңге тұратын көлік сыйлады

Қайрат Нұртас қызына 33 млн теңге тұратын көлік сыйлады
14.09.2025 12:13
0
46
Фото: instagram.com/kaalau__

Белгілі әнші Қайрат Нұртас жуырда 10 жастағы ұлы Ханға автокөлік сыйлап, көпшілікті таңғалдырған еді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Араға көп уақыт салмай, 11 қыркүйекте оның 16 жастағы қызы әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялады. Жүктелген суретте бойжеткен қолында кілт ұстап, Hyundai PALISADE көлігінің жанында тұрған.

Қызы ешқандай түсініктеме жазбағанымен, суреттен отбасындағы жаңа темір тұлпарды байқауға болады. Айта кетейік, бұл үлгі Қазақстанда 2025 жылдың 14 тамызынан бастап сатылымға шыққан. Базалық құны – 33 890 000 теңге.

Әлеуметтік желі қолданушылары отбасын қуанышымен құттықтап қана қоймай, қалжыңға да жол берді:

«Қызы інісінің көлігін тартып алған сияқты ғой», – деп пікір қалдырғандар болды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий