Қайрат Нұртас сахнада көз жасына ерік берді

Қайрат Нұртас сахнада көз жасына ерік берді
12.03.2025 17:59
0
29
видео скриншот

Танымал әнші, хитмен Қайрат Нұртас Шымкенттегі концерті кезінде көзіне жас алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Өнер иесі оңтүстік өңірге гастрольдік сапармен барған. Әншінің продюсері оның жаңа жасқа толуына орай тың туындысын орындағанын атап өтті.

"Жаңа жасқа толуына орай, жаңа әні ұнап жатыр ма?! “Сүйгенді сен де сүй” деп аталады. Алла бұйырса, сұранысқа ие қалаларда KN жеке ән кештері өтеді," – деп жазды продюсер.

Алайда, Шымкентте өткен концертінде Қайрат Нұртас жаңа әнін орындай отырып, эмоциясын жасыра алмады.

Желі қолданушылары әншінің көз жасын жеке өмірімен байланыстырып, түрлі пікір қалдыруда.

"Жұлдызды сахнаға шығарып, құтыртып алды", "Өзі қыздарға көп барып кетті", "Ешбір әйел көзге шөп салуды кешірмейді", "Жақсы еркектен әйел кетпейді", "Қайрат, жас қызға үйленіп ал", "Әні жүрекке жетті, керемет орындайды" – деп жазды көпшілік.

Әншінің көз жасына не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий