Қайрат Нұртастың қызы Ресейде қару өндіретін орталықты жарнамалап сынға қалды
3944
Әнші Қайрат Нұртастың ортаншы қызы Алау Айдарбекова әлеуметтік желіде Ресейдің әскери өнімдер шығаратын орталығын жарнамалап жұрттың сынына ұшырады, деп хабарлайды Politico.kz.
Татарстанда орналасқан «Алабуга Политех» білім беру орталығы бастапқыда жастарды робототехника мен бағдарламалауға үйрететін технологиялық хаб ретінде құрылғанымен, кейіннен толығымен мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындауға көшіп, ресейлік армия үшін қару-жарақ өндірумен әрі арзан жұмыс күшін тартумен айналыса бастаған.
Threads желісінің қолданушылары Алау Айдарбекованың TikTok парақшасында 2025 жылдың 22 шілдесінде жарияланған осы мекемені билеп жүріп таныстырған видеосын енді ғана байқап, жаппай пікір қалдырды. Желі белсенділерінің қызу талқылауынан кейін даулы жарнама парақшадан өшірілді. Алаудың өзі бұл жағдайға қатысты әзірге пікір білдірмеді.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...