«Қазақ әнін тыңдамаймыз»: Көкшетауда қазақ музыкасын қорлаған сөз дау тудырды (ВИДЕО)

05.03.2026 22:21 Қарақат АСЫЛОВА
«Қазақ әнін тыңдамаймыз»: Көкшетауда қазақ музыкасын қорлаған сөз дау тудырды (ВИДЕО)
256
Ашық дереккөздерден
Қазақ музыкасын қорлады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды

Көкшетау қаласында қазақ музыкасын қорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Politico.kz сайты HALYQSTAN-ға сілтемемен.

Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі — «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, діни алауыздықты қоздыру» бойынша тергеліп жатыр. Оқиға өткен жылдың соңында қаладағы сұлулық салондарының бірінде болған. Салон қызметкерлері арасында залда қандай музыка қойылуы керек деген мәселе бойынша дау туындаған.

Шаштараз шебері Алмагүл Әлиеваның айтуынша, салонда орыс, түрік және грузин тілдеріндегі әндерді еркін қосуға рұқсат болған. Алайда қазақ әндерін қоюға қарсы болғандар бар. Оның сөзінше, бір күні ол пультке барып қазақша ән қосуды шешкен. Сол кезде әріптесі қарсы болып, «біз ондайды тыңдамаймыз» деп айтқан. Соған қарамастан, Алмагүл әнді қосып, өз жұмысына кеткен.

Кейін клиенттері кеткен соң ол неге музыка өшірілгенін сұраған. Айтуынша, әріптесі:

«Мен саған айттым ғой, біз ондайды тыңдамаймыз. Мұндайды кім тыңдайды?» деп жауап берген.

Екі қызметкер арасындағы сөзталас сол жерде аяқталғанымен, қазақ музыкасына қатысты айтылған сөздер үлкен дау туғызды. Осыдан кейін Алмагүл Әлиева полицияға арыз жазған.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий