Қазақ қыздарын қорлаған Ресей блогерлері елден қашып кетті ме?

Қазақ қыздарын қорлаған Ресей блогерлері елден қашып кетті ме?
Фото: EGOV.PRESS
Алматыда дау тудырған блогерлер елден шығып кеткен бе?

Алматыда ресейлік блогерлер Анар Абдуллаев пен Ренат Пашаев Twitch эфирінде қазақ қыздарын қорлағаны үшін дауға қалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Сот оларды кішігірім бұзақылық бабымен 15 тәулікке қамады, ал 174-бап бойынша ұлт аралық араздықты қоздыру ісі бойынша тергеу жүріп жатыр.

 Buzyq Telegram-каналы хабарлағандай, жазаларын өтегеннен кейін блогерлер елден кетіп қалған болуы мүмкін. Дегенмен, бұл туралы ресми растау әлі жоқ.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу