Қазақмыс шахтерлерді жұмысқа кіргізбес бұрын көз қарашығын тексеретін болды

14.04.2026 12:21 Арман Ермеков
Қазақмыс шахтерлерді жұмысқа кіргізбес бұрын көз қарашығын тексеретін болды
68
Фото: KAZAKHMYS

Қазақмыс компаниясы кәсіпорындағы қауіпсіздікті күшейту үшін жұмысшылардың денсаулығын тексеретін жаңа автоматты жүйені іске қосты, деп хабарлайды Politico.kz.

Кеніштегі медициналық пункттерде адам қатысуынсыз жұмыс істейтін жаңа аппараттық кешен орнатылды. Бұл туралы кәсіпорынның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Енді жұмысшылар ауысым алдында арнайы интеллектуалды терминалдан өтеді. Құрылғы қызметкердің қан қысымын, тамыр соғысын, дене температурасын өлшеп, алкогольге тест жасайды. Сонымен қатар аппарат адамның көз қарашығына қарап, оның қатты шаршағанын, күйзеліске түскенін немесе тыйым салынған заттарды қолданғанын бірден анықтайды. Нәтижесінде денсаулығы сыр берген немесе күмәнді жағдайдағы жұмысшылар өндіріске жіберілмейді.

Тексерудің барлық қорытындысы бірыңғай цифрлық базаға жиналады. Бұл дәрігерлерге жұмысшылардың денсаулығын тұрақты бақылауға, созылмалы ауруларды ерте бастан анықтап, оларға дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Жаңа жүйе адам факторынан туындайтын апатты жағдайларды азайтып, жұмыс орнында өндірістік жарақат алуды болдырмау мақсатында енгізіліп отыр.

Тәжірибелік-өндірістік сынақ 2026 жылғы мамыр айының соңына дейін жалғасады.

Айта кетейік, компанияда биылғы 2026 жыл қауіпсіздік жылы болып жарияланған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий