Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді

12.10.2026 • 11:24 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
70
Фото: Politico.kz/Максим Золотухин

Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер рейтингінде 34-орын алды. «World Population Review» халықаралық статистикалық платформасы жариялаған «Most Powerful Countries 2026» рейтингіне 100 мемлекет кірген, деп хабарлайды Politico.kz.

Қазақстан Дания (36-орын), Біріккен Араб Әмірліктері (37-орын), Оңтүстік Африка Республикасы (38-орын) және Норвегиядан (39-орын) жоғары орналасты. Сауд Арабиясы 40-орын, Пәкістан 42-орын, Иран 46-орын алған.

Рейтинг елдердің экономикалық және саяси ықпалын, халықаралық байланыстарын, көшбасшылық деңгейі мен әскери әлеуетін ескереді. Яғни мемлекеттердің экономикалық қуаты ғана емес, әлемдік аренадағы ықпалы да бағаланады.

Бұрынғы Кеңес Одағы елдері арасында Қазақстаннан тек Ресей жоғары тұр. Ол 11-орынға орналасқан.

Украина 51-орын, Литва 56-орын, Беларусь 57-орын, Өзбекстан 71-орын алды. Латвия 74-орын, Эстония 75-орын, Армения 80-орын, Грузия 91-орынға жайғасты.

Рейтингтің алғашқы үштігіне Қытай, АҚШ және Үндістан енген. Ал алғашқы ондыққа Германия, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, Ұлыбритания, Мексика және Италия кірді.

Қазақстанның 34-орын алуы елдің халықаралық ықпалы мен әлеуетіне берілген бағасын көрсетеді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий