Қазақстан экономикасы бір жылда 6,5%-ға өсті

12.01.2026 13:56 Арман Ермеков Арман Ермеков
Қазақстан экономикасы бір жылда 6,5%-ға өсті
0
52
Фото: Kapital.kz

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 6,5 пайызға артты, деп хабарлайды Politico.kz

Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сүйенген ведомство экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күштерін жариялады.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан экономиканы әртараптандыру шаралары оң нәтижесін берді. Өткен жылы ел экономикасына ең үлкен үлесті көлік, құрылыс және сауда салалары қосты.

Өнеркәсіп өндірісінің индексі 7,4 пайызды құрады. Оның ішінде өңдеу секторы 6,4 пайыз деңгейінде тұрақты өсім көрсетті. Бұл көрсеткішке машина жасау (12,9%), химия өнеркәсібі (9,8%) және азық-түлік өндірісінің (8,1%) ұлғаюы тікелей әсер етті. Сондай-ақ мұнай өнімдерін өңдеу мен металлургия саласында да оң динамика сақталды. Өндірістік өрлеу Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің он үш облысында тіркелді.

Ең жоғары даму қарқыны көлік және қоймалау саласында байқалды. Мұндағы өсім жыл қорытындысы бойынша 20,4 пайызға жетті. Бұған теміржол және автокөлік арқылы жүк тасымалдау көлемінің артуы, сондай-ақ жолаушылар ағынының көбеюі септігін тигізді. Логистикалық қызметтер, оның ішінде жүктерді экспедициялау, әуежай және қойма қызметтері айтарлықтай жанданды.

Құрылыс саласы 15,9 пайыздық өсіммен экономикаға серпін берді. Ел аумағында жайлы мектептер, медициналық нысандар және инженерлік инфрақұрылымдар белсенді салынды. Тұрғын үй нарығында 20,1 миллион шаршы метр баспана пайдалануға беріліп, алдыңғы жылғы көрсеткіш 5,1 пайызға жақсарды.

Сауда саласындағы өсім 8,9 пайызды құрады. Нарықтың басым бөлігін көтерме сауда иеленді. Әсіресе астық, тұқым және мал азығын сатушы кәсіпорындардың саудасы 2,6 есеге артқан. Сонымен қатар машиналар мен жабдықтар, фармацевтикалық тауарлар және жеңіл автокөліктер саудасы жоғары сұранысқа ие болды.

Ауыл шаруашылығы кешені 5,9 пайыздық өсімді қамтамасыз етті. Өсімдік шаруашылығындағы көрсеткіш 7,8 пайызға, ал мал шаруашылығында 3,3 пайызға артты. Ақпарат және байланыс саласы да 3,6 пайыздық тұрақты өсім көрсетті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий