Қазақстан экономикасы тоғыз айда 4,2 пайызға өсті

13.10.2026 • 17:18 Қарақат АСЫЛОВА
Қазақстан экономикасы тоғыз айда 4,2 пайызға өсті
48
Фото: Үкімет

Қазақстанда 2026 жылдың қаңтар мен қыркүйек айлары аралығында жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 4,2 пайызға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Жиында еліміздің 9 айдағы әлеуметтік және экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.

Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық өсім мен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөліп отырғанын айтты.

«Мемлекет басшысы Үкіметке экономиканың орнықты әрі сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін барынша белсенді жұмыс істеуді тапсырды», деді Олжас Бектенов.

Үкімет мәліметінше, ең жоғары өсім өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және көлік қызметтері салаларында тіркелген.

Сауда, ауыл шаруашылығы және байланыс салаларында да өсім байқалған.

Жиында қаржы және экономика салаларына жауапты министрліктердің басшылары баяндама жасады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий