Қазақстан өңірлері бюджеттен бөлінген 18 млрд теңгеден астам қаражатты игере алмады

26.05.2026 16:11 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Қазақстан өңірлері бюджеттен бөлінген 18 млрд теңгеден астам қаражатты игере алмады
115
Фото: Максим Золотухин

Республикалық бюджеттен өңірлердің дамуына бөлінген нысаналы трансферттерді игеру көрсеткіші төмен деңгейде қалып отыр, деп хабарлайды Finprom.kz порталы.

2026 жылдың алғашқы төрт айында еліміз бойынша жалпы сомасы 160 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген болса, оның тек 88,7 пайызы ғана игерілген. Нәтижесінде 18 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты пайдаланылмай қалды.

Статистикаға сәйкес, Алматы, Астана, сондай-ақ Алматы, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары бөлінген қаржыны толықтай игеріп, озық көрсеткіш көрсетті. Алайда, басқа аймақтарда жағдай мүлде бөлек.

Әсіресе Абай облысының әкімдігі бөлінген 3,5 млрд теңге қаржыны игере алмай, антилидер атанып отыр. Бұл қаражат агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды несиелеуге арналған еді. Өңірдегі қаржының игерілмеуіне бюджеттен қаражаттың жеткіліксіз түсуі және келісімшарттардың уақтылы жасалмауы себеп болған.

Одан кейінгі орында Маңғыстау облысы тұр. Мұнда бөлінген трансферттің небәрі 36,6 пайызы ғана игерілген. Аймақтағы 1,3 млрд теңгеге жуық қаражаттың игерілмеуіне Ақтау қаласындағы магистральдық жылу желілерін қайта жаңарту жобаларының кешеуілдеуі түрткі болды.

Ал Жамбыл облысында игерілмеген қаражат көлемі бойынша ең жоғары көрсеткіш тіркелді — 5 млрд теңгеден астам қаржы далада қалды. Оның 3,5 млрд теңгесі агроөнеркәсіптік жобаларға тиесілі болса, 1,2 млрд теңгесі Мойынқұм ауданындағы 9 елді мекенді газдандыруға арналған. Бұл жобалардың аяқталмауына келісімшарттарды қазынашылық органдарға тіркеуге кеш ұсыну себеп болған.

Сарапшылардың пікірінше, бұл тек сандар ғана емес, халықтың тұрмысына тікелей әсер ететін инфрақұрылымдық жобалардың кешеуілдеуі екенін көрсетеді. Жергілікті атқарушы органдардың қаржыны уақытылы игере алмауы жылу, газ жүйелері мен агросектордың дамуына тежеу болып отыр.

 

Войдите, чтобы оставить комментарий