Қазақстанда 2027 жылдан бастап АЕК мөлшері өседі
Қазақстанда 2027 жылдан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) пен негізгі әлеуметтік көрсеткіштердің мөлшері өзгереді, деп хабарлайды Politico.kz.
Қаржы министрлігі «Ашық НҚА» порталында 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын көпшілік талқылауына жариялады.
Жобаға сәйкес, 2027 жылға мынадай көрсеткіштер ұсынылып отыр:
* Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) — 4 693 теңге (2026 жылы — 4 325 теңге);
* Ең төменгі зейнетақы — 74 919 теңге (2026 жылы — 69 049 теңге);
* Ең төменгі күнкөріс деңгейі — 55 173 теңге (2026 жылы — 50 851 теңге);
* Ең төменгі жалақы — 85 000 теңге деңгейінде өзгеріссіз қалады.
АЕК мөлшерінің артуы осы көрсеткішпен байланысты айыппұлдар, мемлекеттік баждар мен салық төлемдерінің, сондай-ақ бірқатар әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдердің өсуіне әкеледі.
Бюджет жобасы көпшілік талқылауынан соң Парламент депутаттарының қарауына ұсынылып, қабылданғаннан кейін Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.
Соңғы жаңалықтар