Қазақстанда "Әкімдер мектебі" іске қосылды

Қазақстанда ауыл, аудан және қала әкімдерінің біліктілігін арттыруға арналған "Әкімдер мектебі" өз жұмысын бастады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бағдарлама Академия государственного управления базасында жүзеге асырылады. Оқыту үдерісі елдің барлық облыстарындағы және республикалық маңызы бар қалалардағы филиалдарда ұйымдастырылады.
"Әкімдер мектебінің" мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесіндегі мамандардың кәсіби деңгейін арттыру. Бағдарлама 240 академиялық сағатты қамтитын 17 модульден тұрады. Әкімдер экономика, мемлекеттік басқару, бюджеттеу, цифрландыру, коммуналдық мүлікті басқару, тәуекелдерді бағалау, кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция тарту салалары бойынша білім алады.
Вице-премьер Қанат Бозымбаев атап өткендей, 2021 жылдан бері ауыл әкімдерін сайлау жүйесі енгізілгеннен кейін олардың жауапкершілігі мен халық алдындағы есептілігі артты. Осы уақыт ішінде 2,5 мыңнан астам әкім сайланған, олардың 60%-ы мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген, арасында бизнесмендер мен партиялық қызметкерлер бар.
"2023 жылы пилоттық негізде аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өткізілді. Биылдан бастап барлық аудан әкімдері тек қана тікелей сайлау арқылы қызметке келеді", – деді Бозымбаев.
Бағдарламаның басты мақсаты – жергілікті басқару жүйесін жетілдіру, әкімдердің басқарушылық қабілетін жақсарту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру.
Соңғы жаңалықтар





