Қазақстанда биыл күзде қанша азамат әскерге шақырылады?

02.09.2025 17:13 Admin Admin
Қазақстанда биыл күзде қанша азамат әскерге шақырылады?
0
267
Фото: freepik.com

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Желтоқсанға дейін 22 мың жас сарбаз сапқа қосылады, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев айтты. 

Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаевтың айтуынша, Қазақстан Республикасы президентінің жарлығына сәйкес қыркүйек айынан бастап жергілікті атқарушы орган әкімдері орынбасарларының басшылық етуімен 195 қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиясы азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыруға кірісті.

"Желтоқсан айының 30-на дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негізі жоқ 18-ден 27 жасқа дейінгі 22 мыңға жуық ер азамат толықтырады", - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий