Қазақстанда қолма-қол ақша алуға лимит енгізілді

07.01.2026 15:28 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Қазақстанда қолма-қол ақша алуға лимит енгізілді
0
920
Фото: ЖИ politico.kz

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда қолма-қол ақша алу тәртібі өзгерді. Жаңа талаптар кәсіпкерлік субъектілеріне, соның ішінде жеке кәсіпкерлерге қатысты қолданысқа енді. Ал жеке мақсатта өз шотын пайдаланатын қарапайым азаматтарға бұл шектеулер жүрмейді, деп хабарлайды Politico.kz.

Жаңа ережеге сәйкес, бизнес үшін ай сайынғы қолма-қол ақша алу лимиттері белгіленді. Кәсіпкерлер осы шектер аясында ақшаны ешқандай қосымша рәсімсіз ала алады. Алайда белгіленген лимиттен асатын сомақажет болған жағдайда, банк клиенттен ақшаны алу мақсатын көрсетуін, оны растайтын құжаттарды ұсынуын, сондай-ақ деректерді Мемлекеттік кірістер комитетіне беруге келісімін талап етеді.

Осыдан кейін банк мәліметтерді салық органдарына жолдайды. Олар операцияны салықтан жалтару сияқты тәуекелдердің бар-жоғына тексереді. Егер күмәнді жағдайлар анықталса, лимиттен тыс қолма-қол ақша беруден бас тартылуы мүмкін. Ал егер белгіленген мерзімде Мемлекеттік кірістер комитетінен жауап келмесе, банк ақшаны беруге міндетті.

Маңыздысы — жеке тұлғаларға, яғни өз жеке шоттарынан ақша шешетін азаматтарға ешқандай жаңа лимит енгізілмейді және олардың деректері автоматты түрде салық органдарына жіберілмейді.

Қолма-қол ақша алуға арналған айлық лимиттер

  • Шағын бизнес — айына 20 млн теңгеге дейін
  • Орта бизнес — айына 120 млн теңгеге дейін
  • Ірі бизнес — айына 150 млн теңгеге дейін

Осы көлемдер шегінде қолма-қол ақша еркін әрі қосымша тексерусіз беріледі.

Жаңа талаптар жеке кәсіпкерлерді (олар заң жүзінде жеке тұлға болып саналса да), сондай-ақ шағын, орта және ірі бизнесті қамтиды және тек кәсіпкерлік қызметке байланысты операцияларға қолданылады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий