Қазақстандық тауық етінен қауіпті бактерия табылды

Қазақстандық "Макинск құс фабрикасы" өндіретін тауық етінен листерия бактериясы анықталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы 29 қаңтарда Россельхознадзор мәлімдеп, кәсіпорынға қатысты күшейтілген зертханалық бақылау енгізілгенін жариялады.
Қазақстан тарапы ресми зерттеу нәтижелерін әлі алған жоқ
Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі Россельхознадзордан зертханалық сынақтардың расталған нәтижелерін алмағанын хабарлады.
"Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) №94 қаулысына сәйкес, уәкілетті органдар анықталған заңбұзушылықтар туралы барлық мүдделі тараптарға 10 жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті" – делінген ресми хабарламада.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдеуінше, бақылау күшейген жағдайда да өнімдердің ЕАЭО аумағында тасымалына рұқсат етіледі, бірақ әр партиядан сынама алынып, қосымша тексеріс жүргізілуі тиіс.
Листерия – қауіпті инфекция
Листерия – тағам арқылы таралатын бактерия, ол ішек инфекциясын, сепсис пен менингитті тудыруы мүмкін. Иммунитеті төмен адамдар, жүкті әйелдер және балалар үшін аса қауіпті.
Соңғы жаңалықтар




