Қазақстандықтар бұғатталған шоттарын қайта аша алады
2838
Қазақстанда шоттарды бұғаттан шығару бойынша арнайы науқан басталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы Әділет министрлігі мәлімдеді. Ведомство Жеке сот орындаушылары палатасымен бірігіп, биылғы 6-30 сәуір аралығында азаматтардың банк карталарындағы тыйымды алу жұмыстарын жүргізбек.
Бұл жеңілдік тек жалақы, алимент, зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақы алуға арналған шоттарға ғана жасалып отыр.
Шектеуді алып тастау үшін тұрғындар Adilet.gov мобильді қосымшасына тіркеліп, жеке сот орындаушысына өтініш жіберуі қажет. Тек бұл ретте жұмыс орнынан жалақы түсетінін немесе зейнетақы шоты екенін дәлелдейтін растау құжаттары міндетті түрде сұралады.
«Шоттардан тыйымдарды алып тастау азаматтарды айыппұл төлеу немесе қарызды өндіру сияқты атқарушылық құжаттардағы талаптарды орындаудан босатпайды», – деп ескертті министрлік.
Соңғы жаңалықтар
23.08.2026
17:24
Алматыда бюллетеньді суретке түсіріп, желіге са...
23.08.2026
16:37
Аша Матай мен Тамара Асар Құрылтай сайлауында д...
23.08.2026
16:16
Құрылтай сайлауында сағат 16:00-де 8,24 млн ада...
23.08.2026
15:41
«Санкт-Петербург» деп жартасты бояған ресейлік ...
23.08.2026
15:41
«Назарбаевский системаны қолдаймын»: Данияр Еле...
23.08.2026
14:58
Тоқаев телефонды TikTok үшін емес, ақша табу үш...