Қазақстандықтардың мобильді аударымдары тексеріліп, салық органдарынан хабарлама жіберіледі
1099
2026 жылғы 15 сәуірге дейін банктер қазақстандықтардың күмәнді мобильді аударымдары туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынады, деп хабарлайды Politico.kz.
Ал осы мерзімнен кейін жасырын кәсіпкерлік белгілері анықталған азаматтарға ресми хабарламалар жіберіле бастайды. Бұл туралы Stan.kz «Курсив» порталына сілтеме жасап хабарлады.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2025 жылдың қарашасында кәсіпкерлік табыс белгілері бар мобильді аударымдарға қатысты жаңа бақылау критерийлері бекітілген. Аталған талаптар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.
Жаңа тәртіпке сәйкес, банктер салық органдарына ақпаратты әр тоқсан сайын, тоқсан аяқталғаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей жолдауы тиіс.
«Осы талаптарға сай, банктерден түсетін алғашқы мәліметтер 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 15 сәуірге дейін салық органдарына беріледі», – деп хабарлады комитет.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.10.2026
14:41
Жаркентте төбелес кезінде оқ атылды: атыс қаруы...
13.10.2026
14:29
«Бір сағаттың ішінде шашым ағарып кетті» - Касп...
13.10.2026
13:40
Жаназа кезінде 15 жастағы қыз тіріліп кетті
13.10.2026
13:11
Қазақстан білімге трлн бөлмек: мектептерде не ө...
13.10.2026
12:43
«Бос әңгімеге». Аша Матай күйеуі Арман Қоңырмен...
13.10.2026
12:39
Тоқаев елшілерді ауыстырды: кім тағайындалып, к...